Оралда ересектер, жастар мен юниорлар арасында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Ел чемпионатында 260 спортшы бақ сынауда. Байрақты бәсеке 26 шілде мен 1 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ. Республикалық чемпионатқа Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысының құрамасы қатысып жатыр.
- Чемпионаттың негізгі мақсаты - спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды анықтау және Азия ойындарына, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубогі кезеңдеріне, сондай-ақ Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасына үміткерлерді іріктеу, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Сайыстың жеңімпаздары ел құрамасының сабында өнер көрсетеді. Бірнеше күнге жоспарланған бәсекенің финалы 31 шілдеде ұйымдастырылмақ.