• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда шлюздерде балық аулауға тыйым салынды

Шаған өзенінің шлюзінде балық аулағандарға 86 мың теңге айыппұл салынбақ.
Оралда шлюздерде балық аулауға тыйым салынды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Жақында Шаған өзенінің шандоры ашылып, су Жайыққа құйылды. Шлюз ашылған тұста «Динамо» көпірі маңында балық аулаушылардың қатары күрт артты. Тұрғындар мен экологтар бұған алаңдаушылық білдіріп еді.

 Облыстық балық инспекциясы шлюз маңында балық аулауға болмайды деп мәлімдеме жасады. Мекеме қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшасында: «Шлюз бен бетон конструкцияларда балық аулауға тыйым салынады. Балық аулау қағидасын бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды», деп хабарлады.

20 қазаннан бастап Су маржандарын тергендердің жолын кесіп, заңсыздықты болдырмас үшін сала мамандары мен  табиғатты қорғау полициясымен бірге атқа қонды. Осы маңда қармақ салған жандар 86500 теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.