Аға буынның хал-ахаулы еліміздегі жетекші партия филиалы өкілдерінің ұдайы назарында. Бүгінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында көптеген ізгі шаралар іске асуда.

Татьяна Томина, сұм соғыстың тауқыметін бір кісідей тартқан жан. Медициналық техникумды бітірісімен майданға мейірбике болып аттанды. Өмірін қатерге тіге жүріп талай жауынгерді ұрыс даласынан алып шықты. Енді міне қартайған шағында өзінеде көмек керек. Сондықтан кейуанаға егде жастағы қызымен қатар, «БатысЭнергоРесурс» бастауыш партия ұйымының өкілдері ұдайы қолдау көрсетеді.
- Әжеміз 94 жаста. Ақпан айында 95-ке толады бұйырса. Көп рахмет, үнемі келіп қол ұшын береді. Ұмытпайды. Әсіресе Жеңіс мерекесінде көп көрсетілді. Ол кісі үшін аталған күннің маңызы зор. Соңғы жылы анамыздың жағдайы нашарлап, жүріп-тұрудан қалды. Сондықтан бір келгенде партия өкілдерінен қоларба сұрап едік. Көп кешіктірмей әкеліп берді. Бұл да аға буынға деген құрметтің көрініс деп білемін дейді, - кейананың қызы Валентина Маштакова.
Тоқсанның торқасына шыққан қарияларға жанға жәйлі жағдай туғызу маңызды міндет. Сондықтан дәрігерлер аға буынның денсаулығын үнемі назарда ұстау керек деп санайды партия өкілдері. Бүгінде бастауыш партия ұйымы 9 соғыс ардагеріне қамқорлық тантып келеді.
- Келген сайын қариялардың қан қысымын қарап, жүрегін тексереміз. Осы орайда медициналық маманның жиі барып тұрғанын қалаймыз. Өйткені соғыс ардагерлерінің дені 90 жастан асқан адамдар. Оларға ұдайы бақылау керек. Сондықтан осы сауалды емхана басшылығына жолдап, шешілуін сұраймыз дейді, - облыстық мәслихат депутаты Дина Ғалиметдинова.
Соғыс ардагерлерімен қатар бастауыш партия ұйымының өкілдері жалғыз ілікті қарияларға жәрдемдесуді де жақсы дәстүрге айналған. Бұл істе олар жастарды кеңінен тартуда.
«Халықаралық қариялар мерекесі» 1990 жылдың 14 желтоқсанында бекітілген болатын. Оның құрылуына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бастамашы болды. Содан бергі уақытта бүкіл әлем бойынша жыл сайын осы мейірімге толы мереке аталып өтіледі. Одан бұрын 1982 жылы Қартаю проблемасы бойынша Халықаралық Веналық жоспар қабылданған болатын. Ал 1991 жылы БҰҰ қарт адамдарға қатысты қағидалары қабылданды.
Аталмыш күннің мақсаты қарияларымызға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға қоғамның назарын аудару, сондай-ақ оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де көмек түрлерін көрсету. Халықаралық қариялар күні шеңберінде тегін концерттер, қайырымдылық қойылымдар мен түрлі шаралар өткізіледі. Ал, Бас кеңсе тарапынан болса, өзіміздің қамқорлығымызға алынған әжелерімізге барып, құттықтап, қажетті заттарын түгендеп бердік.
Арман КУРМАНАЛИЕВ