Айбатыр Миразат кураштан әлем чемпионы атанды. Ақжолтай хабарды Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі жеткізді.
Әлем чемпионаты Астана қаласында 7-9 қарашада өтті. Байрақты бәсекеде 70-ден астам елден 500-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыс 16 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Ел мен өңір намысын қорғаған Айбатыр Миразат 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен. Ол қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.
Кураш - бұл түркі халықтарының, әсіресе өзбек халқының арасында кеңінен таралған күрестің бір түрі. Қазақстанда күрестің бұл түрінен алғаш рет әлем чемпионаты ұйымдастырылды.