Экономика
Отандық өнімге қолдау қажет
Орал қаласындағы өтіп жатқан ІІІ халықаралық инвестициялық «WestKazInvest-2016» форумының көрмесіне қойылған батысқазақстандық өнімдерге шетелдік, астаналық түрлі компания өкілдері қызығушылық танытты. Мәселен, Сырым ауданынан келген жеке кәсіпкер Ришат Жылқайдаров көрмеге өздері илеген былғарыдан жасаған өнімдерін шығарды. Олардың ұлттық оюлы ат-әбзелдері мен аяқ киімінің тігу әдісіне италияндықтар қызықты. -Халықаралық көрме барлығына керек. Әлем осындай көрмелер арқылы технологиясын танытады. Біздің ұлттық технологиямен айналысып келе жатқанымызға қырық жыл таяды. Ұлттық технологияның ерекш