27 марта в 15:00

Қазақстанда 75 майнер тіркелген

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда ресми түрде 75 майнер тіркелді деп хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда ресми түрде 75 майнер тіркелді деп хабарлады.
"ЖИ" көмегімен жасалған фото

Қазіргі таңда әлемде криптовалюта өндіру ісі белең алды. Бұл үрдіс біздің елімізді де айналып өтпеді. Қазіргі таңда елімізде ресми түрде 75 майнер тіркелген. Мемлекеттік кірістер комитетінің келтірген ақпарына сүйенсек, соңғы үш жылда майнерлер 17,7 миллиард теңгедей салық төлепті. Оның ішінде цифрлық майнингке төленетін алым 11,6 миллиард теңгені құрады. Сала мамандары өткен жылы майнинг саласында салықтық тексерулер жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтапты. Салдарынан қазына қаржысы 4,9 миллиард теңгемен толықты.

Қосымша салық цифрлық майнинг саласында 2,3 миллиард теңге, корпоравтивтік табыс салығы 2,6 миллиард теңгені құраған. Цифрлық майнингке төлемді камералдық бақылау нәтижесінде бюджетке қосымша 451 миллион теңге түсті. Елімізде криптовалютаны саудалаған азаматтар кірістерін  төмендеткен фактілер анықталған.  Оларға 4,3 миллиард теңге көлемінде жеке табыс салығы қосымша есептеліпті.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp