• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

"Қазақ мыс корпорациясы" мекемесін білікті басшы басқармақ.
Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті
Фото "Қазақ мыс" телеграм арнасынан жүктелді

Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University жоғары оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысты. Сондай-ақ Басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Жалпы алғанда, оның кәсіби жолы ірі кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару тәжірибесін, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтиды.

Руслан Өскенәлі тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын құрметтеуімен және ұйым ішіндегі кадрлық потенциалды дамытуға ұмтылуымен ерекшеленеді.

Главный баннер --> after article