• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Соққының салдары қандай?

Кеудеге соққы жасап, күш сынасып, ерсі әзілдейтіндер көбейді.
Соққының салдары қандай?
Бас прокуратура жарияланған видеодан стоп кадр

Кеудеге жұдырықпен соғу немесе «төзімділікті сынау» кейінгі кезде жасөспірімдер арасында әзілге немесе күш сынасу тәсіліне айналды. Алайда медицинада commotio cordis деп аталатын бұл құбылыс сырттай із қалдырмағанымен, жүректің кенеттен тоқтауына әкеп соғуы ықтимал.

Медициналық тұрғыдан бұл құбылыс жүректің соққыдан зақымдануы деп аталады. Егер жұдырық соққысы жүрек жұмысының белгілі бір электрлік фазасына дәл келсе, органның қалыпты ырқағы бір сәтте бұзылады. Сырттай қарағанда ешқандай ауыр жарақат немесе көгергөн із көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, бұл қауіпті сәт есінен тануға және жүректің тоқтауына түрткі болады. Салдарынан бір сәттік ерсі әзіл орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайлардың көбеюі құқық қорғау органдарын алаңдатып отыр. Бас прокуратура кәмелетке толмағандар арасындағы осындай әрекеттердің нақты қаупін түсіндіру мақсатында арнайы әлеуметтік ролик әзірледі. Бұл жай ғана мектептегі бұзықтық емес. Физикалық күш қолдану жасөспірімнің өз өмірін қатерге тігіп қана қоймай, ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылуына жол ашады.

Егер қасыңыздағы адам осындай соққыдан кейін есінен танып, тыныс алуы нашарласа, кідіруге болмайды. Әр секунд адам өмірін сақтап қалу үшін маңызды.

  • Дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
  • Жүрек-өкпе реанимациясын шұғыл түрде бастаңыз.
  • Жақын жерде автоматты сыртқы дефибриллятор болса, дереу пайдаланыңыз.