• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Үй алып беремін» деп алдап-соққан алаяқ ұсталды

Ақтөбе қаласында 10 млн теңгені қалтаға басып, табанын жалтыратқан тұрғын істі болды.
«Үй алып беремін» деп алдап-соққан алаяқ ұсталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды. Қолға түскен күдікті танысының сеніміне кіріп,екі жыл бұрын он миллион теңгесін алған. Бұл ақша баспананы рәсімдеуге және өзге туындаған мәселелерді шешуге жұмсалатанын сендірген. Бірақ күдікті уәдесін орындамай, тұрғынға қаржысын қайтармай келген. Уақыты мен ақшасын жоғалтқан тұрғын полицияға арыз жазыпты.

Ақтөбе облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сенсек, қазіргі таңда алаяқ қолға түсіпті. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Главный баннер

Азаматтарға тұрғын үйді «кепілді түрде алып беремін», кезекті жылдамдатамын, құжаттарды рәсімдеуге көмектесемін немесе таныстар арқылы мәселені шешіп беремін деген уәделерге сеніп, ірі көлемдегі ақша қаражатын бейтаныс немесе өкілеттігі расталмаған тұлғаларға бермеу ұсынылады.Кез келген шешім қабылдамас бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы, оның талаптары мен оған қатысу тәртібі туралы ақпаратты тексеріп, ресми дереккөздерге жүгіну қажет, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article