Оралда заң бұзған шетелдік азаматты елден шығарды
Оралда заңсыз жолаушыларды тасымалдаған шетел азаматын елден шығарды

Оралда көші-қон бөлімінің инспекторлары өзінің көлігімен заңсыз жолаушыларды тасымалдаған шетел азаматын анықтады. Заң бұзған шетелдік Chevrolet Lacetti маркілі көлігімен белгілі бағдарламаға тіркеліп, тасымалдаумен айналысқаны белгілі. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының бесінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Соттың шешімі бойынша заң бұзған шетелдік республикадан шығарылды.
Еліміз бойынша наурыздың 11 мен 14 күндері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның бір күнінде 29 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, сегіз азамат елден мәжбүрлі түрде шығарылып, іздеуде жүрген екі қылмыскер құрықталған.