«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында БҚО тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныс түсті
Бұл жобаларды іске асыру үшін 2023 жылдың бюджетінде 500 млн. теңгеге дейін қарастыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында облыс тұрғындары және қонақтарынан туған өлкемізді көркейту және дамыту үшін тың ұсыныстар мен идеялар ұсыну бойынша облыс әкімі Ғали Есқалиев жарияланым жасаған болатын. БҚО әкімдігінің хабарлауынша, бұл жобаларды іске асыру үшін 2023 жылдың бюджетінде 500 миллион теңгеге дейін қарастыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты, екі айдан астам уақыт ішінде облыс тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныстар келіп түскен болатын. Ж