17 жасар жасөспірімнің аяғы комбайнның орақ аппаратында қысылып қалды. Оқиға Түркістан облысы, Асықата ауылының маңында болған. Алып техникадан зардап шеккен жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Жасөспірімнің денсаулығына зардап келтірген оқиға шаруа қожалығына тиесілі комбайнды жөндеу кезінде болған деседі.
Құтқарушылар арнайы құралдарының көмегімен жасөспірімді босатып, жедел жәрдемге тапсырды.