Құрметті жерлестер! Мен, Марат Асанов, Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде ресми тіркелдім. Партияның «Ел үшін! Жер үшін! Билік – халыққа» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп келемін. Тұрғындарымызбен күнделікті тілдесіп, көкейінде жүрген сан сауалдарына жауап беремін.

Қазақстан Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы саяси күш ретінде еңбек адамының құқықтарын қорғайды және ел азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіреді!
Біздің мақсатымыз – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру! Ал менің арманым – әділетті қоғам құру жолында тамшыдай болсын үлесімді қосу.
Халық партиясының формуласы – «Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет». Ал біздің партия елімізде қолға алынған реформаларға басшылық етіп, әділетті әлеуметтік мемлекет құруға әзір. Бұл ретте біз Мемлекет басшысының реформаларымен толық үндесеміз.
Бүгінге дейін Қазақстан Халық партиясы нақты нәтижеге қол жеткізді. Мәжілістегі фракция депутаттары «Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі» деген ұсынысқа бастамашы болды және бұл түзету ҚР Конституциясына енгізілді.
Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды.
Әйел – ана, қыз, қарындас, жар! Біз Парламентте оларды қорғайтын заң қабылдаймыз!

Біз ArtSport қозғалысын қолдадық. Осының арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз! Біз – олигархтардың мүлкін тәркілеуді талап етеміз!
Халық партиясы Кедейлікке қарсы заң қабылдау қажет деп есептейді. Себебі, елімізде жұмыссыздықпен күресудің арнайы бағдарламасы жоқ. Айталық, іргелес Қытайда Кедейлікке қарсы заң қабылданып, Үкімет 10 жыл ішінде 780 млн адамды қайыршылықтан құтқарған. Ал елімізде мұндай заң қабылданып, мемлекет қолдауы күшейсе, аз уақытта отандастарымызды кедейлік құрсауынан шығаруға жол ашылады.
Ақиқатында, қазір ауылдаспен қауымдасатын күн туды. Себебі, қырқасындағы құрағы күнге күйіп, қыратындағы бұлағы сарқылып барады.
Осы орайда әр азаматқа қалада 10 сотық, ауылда 25 сотық жер телімін тегін беру керек деп есептейді. Айрықша айтарымыз, ауылдық жерлерде жер тек онда жұмыс істейтін адамға ғана тиесілі болады және латифундистер жерді тек жалға алуы тиіс. Сонымен қатар агро-өндірістік кешендерді және ауылдық аймақтарды дамытудың кешенді бірыңғай картасын әзірлеп, Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейін 7 жылға пайдалану құқығын тегін беру керек.
Әрине, бағдарламамызбен таныстыру жұмыстары одан әрі жүргізіледі. Ойға алған барлық мақсаттарымыз халық Халық партиясын қолдаса, жүзеге асатынына бек сенемін.
Ол үшін 19 наурызда өтетін сайлауда Халық партиясын таңдаңыздар. Себебі, Халық партиясының жеңісі – халықтың жеңісі. Әділетті қоғамды бірігіп құрайық. Бюллетеньдегі нөміріміз – 4.
Келіңіз, бізге дауыс беріңіз!
Партия бағдарламасымен толығырақ танысамын десеңіз әлеуметтік желі, желілік басылымдар, YouTube арналары арқылы білсеңіз болады .
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының қаражатынан төленді, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы.

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.