Атырауда жылқы кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға "Геолог" шағын ауданында тіркелген.Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі 112 телеграм каналы хабарлайды. Қамбар ата төлін құтқарушылар жасағы құдықтан шығарған. Олар арнайы техниканы қолданыпты. Абыройға болғанда, жануарға зақым келмепті.