Қазақстандық оқушылар халықаралық білім сайынан олжалы оралды. Жеңімпаздарды Алматы әуежайында қарсы алды. Экономика олимпиадасы Қытайдың Сучжоу қаласында өтті. Оған әлемнің 61 елінен 300-ге жуық бала қатысты. Оқу-ағарту министрлігі:"Білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медальді қанжығалады", —деп хабарлады.
Жеңімпаздар тізімі:
- Алтын: Мұхтархан Батырхан (Астана қ., NIS)
- Күміс: Кемелов Дінмұхаммед (Алматы қ., NIS)
- Күміс: Жапаров Альтаир (Алматы қ., NIS)
- Күміс: Сұлтанбек Аружан (Алматы қ., «Мирас»)
- Қола: Қуанышбек Темірлан (Алматы қ., NIS)
Жеңімпаздарды олимпиадаға Ұлттық құрама жаттықтырушысы Руслан Мулдашев пен «Дарын» орталығының әдіскері Зере Жарлагапова дайындады.
Халықаралық олимпиададағы бұл жеңіс еліміздің білім кеңістігіндегі орнын нығайтып, оқушылардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фотогалерея
1 фото