Қабылдаушы тараптың делегациясын ENFI Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чэн басқарды.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, тау-кен металлургия саласындағы жобаларды іске асыру тәсілдері бойынша пікір алмасты. Технологиялық шешімдерге, инженерлік құзыреттерге, өндіріс тиімділігін арттыруға, цифрландыруға және заманауи экологиялық технологияларға ерекше назар аударылды.
Анықтама үшін: China Minmetals Corporation құрамына кіретін Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясы 1953 жылы құрылған. Ол тау-кен металлургия саласындағы инженерлік жобалау және жобаларды іске асыру бағыттарына маманданған. Компания 70 жылдан астам қызметінде әлемнің 60-тан астам елі мен өңірінде 12 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған. ENFI компаниясының табысты жобаларының қатарында жалпы өндірістік қуаты жылына 5 млн тоннадан асатын 40-тан астам мыс балқыту зауыты, жалпы қуаты жылына 6 млн тоннадан асатын 30-дан астам мырыш зауыты, жалпы қуаты жылына 4 млн тоннадан асатын 50-ден астам қорғасын зауыты, сондай-ақ жалпы қуаты жылына 500 мың тоннадан асатын 10-нан астам никель зауытының құрылысы бар. Компания сирек жер металдарын және өндірістік қалдықтарды өңдеу саласында да көптеген жобаларды жүзеге асырған.
Источник: Telegram-канал KAZAKHMYS