Маңғыстауда зейнет жасына жеткен мұғалімдерге тиісті өтемақы төленбеген. Осының кесірінен 70 педагог пен қызметкердің құқығы бұзылған. Оларға мектеп директорлары тиесілі сегіз миллион теңге өтемақы төленбеген. Оқиға Мұнайлы ауданында тіркелген. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлайды.
Тиісті өтемақы төлемеген мектеп басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартыпты. Ал зейнетке шыққан ұстаздарға өтемақының ақшасы аударылған.