30 сентября 2016

Қала мектептерінің мұғалімдері марапатталды

Дәстүрлі ұстаздар мерекесіне орай Орал қаласының салтанат сарайында мұғалімдер балы өтті. Аталмыш шараға жас мамандар, ардагер ұстаздар мен білім беру ұйымдары басшылары қатысты. den goroda koncert (23) «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға». Ұстаз есімі - әрдайым қастерлі де құрметті есім. Мерекелік шарада сол есімді абыроймен алып жүрген, бар өмірін білімге, балаларға арнаған ұлағатты ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды. Қала әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар қауымын арнайы құттықтады. Айтулы мереке, басты мейрам ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа- тұс келді. Ширек ғасырда Орал қаласында 13 жаңа мектеп пен 22 жаңа балабақша салынған. 25 жыл бұрын ашылған білім ордаларының бірі №35 мектеп-лицей. Бұл оқу ордасы 15 жыл бойы қала мектептері арасында 1-орында келеді. Ұжымның 96 пайызы - жоғары дәрежелі мамандар. Мектеп оқушылары республикалық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындар алып, үнемі жоғары білім сапасын көрсетіп келеді. - 25 жыл көлемінде 1289 түлек мектеп-лицейін аяқтады. Соның 129-ы үздік атестат пен «Алтын белгі» иегерлері. Олардың барлығы да жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман атануда. Тек еліміздің университеттерінде ғана емес, шет елдің жоғары оқу орындарында білім алып, Қазақстанды әлемге танытып жүр, - дейді №35 мектеп-лицейінің директоры ЛЕОНИД ЧЕРЫКАЕВ. Қала мектептерінің ұжымы жас мамандармен толықтырылып келеді. Бүгінде олар шәкірттердің бойына білім мен адамгершілікті, ынта мен жігерді қалыптастыруда аянбай еңбек етуде. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы –
Арман Курманалиев
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp