Қымбатшылықтың алдын алуға 350 млн. теңге бөлінген

Барлық өнім бағасының күрт қымбаттауы қарапайым халықтың қалтасына аз салмақ салмай отыр. Бір ғана жалақы мен зейнетақыға қараған қарапайым тұрғындар қайда баға арзан, соны іздеп, арнайы жəрмеңкелерді сарыла күтетін болған. Сондағысы 20-30 теңге болса да үнемдем, отбасы қарекетін жасау. Қазіргі таңда халық жиі тұтынатын күнделікті азық-түлік өнімдерінің қақының өзі шарықтап барады. Ал осы азық-түлік бағасының қымбаттауының алдын алу үшін билік қандай шара қолдануда? Жалпы қор жеткілікті ме? Осы сұраққа жауап іздеп көрген болатынбыз. Бүгінде қорда 200 тонна астық, 30 тонна қарақұмық, 1000 тонна картоп, 100 тонна күнбағыс, 10 тонна сары май сақтаулы тұр екен. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына бағаны сақтау мақсатында қазынадын 350 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап макарон өнімдері мен тауық еті де арзан бағамен алыныпты. -"Тауарларды сатып алғанда біз бағаларды жəне олардың өндіріс деңгейін айқындаймыз. Мəселен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін анықтап, келесі жылға қажетті көлемін, бағасын бекітеміз",-дейді "Орал" əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы АҚ төрағасының орынбасары Артур Досқалиев. Сонымен қатар, бүгінде тұрақтандыру қорының өнімдерінің саудасына арналған арнайы павильондар ашылып, халық игілікті істің жемісін көруде. Қазақстанда 7 сауда нүктесі ашылған. Олар "Ел ырысы" минимаркеті деп аталады. Осы жерден əр адам өзіне қажетті өнімді қолжетімді бағада сатып алуына болады. Азық-түлік тұрақтандыру қорынан жеткізіледі. Естеріңізде болса, тұрақтандыру қорының өнімдері бұған дейін түрлі сауда орындары арқылы сатылған еді. Арнайы павильондардың жұмысы басталғалы сатып алушылар да осында келуді жөн санап, қатарлары артып жатқаны аңғарылуда. -"Ашылғанымызға тек 2 күн болды. Халық жақсы келіп жатыр. Өйткені баға нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан. Мәселен, картоп пен пияз 75 теңгеден. Қосымша көкөністердің бағасы да қалтаға салмақ салмайды",-дейді осы игі іске тартылған кəсіпкерлердің бірі. -"Қорға мемлекеттің ақша бөлгені дұрыс болыпты. Күнделікті тұтынатын азық-түліктің қымбаттауы біздің мазамызды қашырды. Қайтсек ақшамызды жеткіземіз деген сұрақ алаңдатып отыр. Базар мен дүкен сөрелеріндегі бағалар күн сайын өзгереді. Əйтеуір мына арнайы павильонда баға тұрақты сақталады екен. Біздің іздегеніміз осы. Өзің таңдап жүріп аласың",-дейді зейнеткер Бағила Сұлтанова. Сала мамандары жыл соңына тұрақтандыру қоры жанынан ашылған осындай павильондар санын арттыруды мақсат тұтып отыр. Жоспар бойынша 10 нүкте ашу көзделуде. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp