• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

12 маусымнан бастап Арменияның әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашты

«FlyOne Armenia» әуе компаниясы Ереван-Алматы бағытында қатынайды.
12 маусымнан бастап Арменияның әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Елімізде халықаралық рейстердің санын Арменияның әуе компаниясы толықтырды. 12 маусымнан бастап FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван-Алматы бағытында қатынайды. Көлік министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, рейс аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері ұшады.

– Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына үш рейстен бес рейске дейін артады. Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Главный баннер --> after article