12 мың халқы бар Оралдық саяжай тұрғындары елді мекен статусына зәру
"Зачаганский" бау-бақша серіктестігі Орал қаласының аумағындағы ең ірі серіктестік болып табылады. Алғашқы жер телімдері 1990 жылдары пайдалануға беріле бастады, алайда Совет үкіметі тарағаннан кейін тоқтатылып, 2007 жылдан бастап кайта жандандырылды. Қазіргі кезде мұнда екі мыңға жуық үй болса, оларда тұрақты түрде тұратын халық саны 12 мыңға жетіп жығылады. Фото Медет Медресов Халықтың басты проблемасы жол мәселесі мен мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандардың жоқтығы болып отыр. Мұның барлығын жасау үшін "Зачаганский" бау-бақша серіктестігіне елді мекен статусы берілу керек. Сонда ғана