"Қазгидромет" мекемесінің келтірген мәліметіне сүйенсек, 13 тамызда Орал қаласында күндіз ауа температурасы +28+30 градус болмақ. Күндіз жауын-шашын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде ауа температурасы +16+18 градус жылы болады.
Бейсенбіде Ақтөбеде +30+32 градус болмақ. Түнде 16-18 градус нөлден жоғары болады. Ақтөбеде жауын-шашын күтілмейді.
13 тамызда Атырауда күн ашық, түнде ауа температурасы +20+22 градус, күндіз +32+34 ыстық болмақ.
Бейсенбі күні Ақтауда жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болып, түнде ауа райы +20+22 градус, күндіз +30+32 градус жылы болмақ.