14 марта в 13:30

14 наурыз-Көрісу күні: мейрамның мән-мағынасы туралы БҚО-ның танымал тұлғалары айтып берді

Қазақ халқы 14 наурызда Көрісу күнін тойлайды. Амал мерекесінің тарихы терең.

Қазақ халқы 14 наурызда Көрісу күнін тойлайды. Амал мерекесінің тарихы терең.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Көрісу күні - жыл басы. Алты ай қыстан аман шыққан халық бір-бірін іздеп, есендік сұрасып, көріседі. Көрісу-көшпенділердің мұрасы деседі. Мейрам түрлі заман өтсе де, тәрбиелік мәнін жоғалтпайды. Көрісудің мәнін білмек үшін, елімізге танымал Қазақстанның құрметі журналисі Тихон Әліпқали мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сара Есқайырқызынан сұрап білдік. Тихон ағамыз Көрісу айты туралы білген түйгенін айтып берді.

– Көрісу мерекесі, Көрісу айты,- дейді. Бұл енді негізі түп табиғаты- мына мезгілге байланысты алынған белгіленген, тойланып келе жатқан мереке. Көрісу айты деген негізі- жаңа жылдың басы. Жаңа жыл негізі мынау Наурыз айынан басталады. Ертедегі мұсылман жұртының түркі елдерінің дәстүріне сәйкес. Сонда 14 наурыз бірінші наурыз Григорян күнтізбесімен 13 күн кейін жүреді.Бала кезімізде  Көрісу айтында ауылда үлкендерге кішілер сәлем беріп, көрісетін дәстүр болды. Оны өз көзімен көрдік, өзімізде үлкендерге барып, сәлем бердік, көрістік, ата-аналарымыз бізге міндеттейтін еді. Сол күні елең-алаңда тұрып алып, көрші -көлем болса, соларға жүгіріп жүріп барып, үлкендеріне сәлем беріп, батасын алып, көрісетінбіз, - дейді Тихон Әліпқали.

Ақсақалдың балалық шағы Нарынқұмда  орналасқан Ұялы ауылында өтті. Журналистің бала кезі құмда өтеді. Оның әкесі қой баққан адам. Қызметіне байланысты жанұясы шалғайда өмір сүрген. Тихон ақсақал алғаш көрісуді 10 жасымда тойлапты.

– Көрісу айт кезінде қазіргідей 22 наурыз тойлау ол кезде біздің ауылда мүлдем болған жоқ. Біздер білген де жоқпыз. Ол негізі мына оңтүстік жақта, Жетісу  бойында көбірек болған ғой, кездескен. Бізде бірден-бір Наурыздың мерекесі, Көрісу болды. Мен- өзі құм ішінде түпкірде қой баққан қойшының баласымын. Біздің қойшылар ол кезде әке-шешеміз жалғыз үй отырады. Көрші болып, жарымайды. Тек бес-алты шақырым жерде көрші болды. Оларға көп барып жүруге жұмыстан қолы босамайды, малдан шыға алмайды.  Сондықтан өзімен -өзі өмір сүрді.  53 жылдың күзіне қарай әке-шешем жұмысқа жарамай, аурулы болып қалды. Бір қыс колхозда еңбек етпей, бес-алты үй шоғырланған, бұрын колхоздың орталығы болған елді мекенде қыстап шықтық. Сол жылы мен 10 жаста болатынмын. Со жылы алғаш рет Көрісу айтын мереке қылғанды тұңғыш рет көрдім. Үйткені бес-алты үй бір-біріне қыдырыстап, қонаққа барып, үйлерін тазалап, ақтап, кір-қоңын жуып деген сияқты жақсы әзірлеп. Көршілер бір-біріне қонаққа барып, шақырысып, мәре-сәре болып қалды. Сонда мен Көрісу айтының мәнін түсіндім, - дейді Тихон Әліпқали.

Мәдениет саласында ұзақ жылдар бой еңбектенген Сара Есқайырқызы көрісу күніне қатысты көбі ұмыт қалдырған деректерді жіпке тізді.

– Көрісу айттың көп ескеріле бермейтін бір ерекшелігі бар. Қазақтар туған күнін тойламады. Бала дүниеге келгенде бесік тойды бір жасайды.  Содан кейін туған күн деп атамайды. Туған күн- 14 наурыз. Бір жаңаша жыл санауы бойынша наурыздың бір жаңасы. Бұрын енді 13 күн қосылған ғой. Соған байланысты 14 наурыз -жылдың басы. 14 наурыз күні бүкіл қазақтарға бір-бір жас қосылады. Көріскен кезде жасың қайырлы болсын,- дейді. Барлығымыз бір күнде туған күнімізді тойлап өтеді екенбіз ғой қазақтар. Осы көп ескеріле бермейді шынында да. Кейіннен орыстардың дәстүріне байланысты туған күнді де тойлайтын болды. Осы күніБалалар емес, қарттар да тойлайтын болды . Ал бұрынғы заманда шын мәнінде бірінші наурыз, наурыздың бір жаңасы. Жасқа жас қосылады, көріседі. Жастарының қайырлы болсын шын мәнінде де ең үлкені туған күнін тойлаған сияқты болады, - дейді Сара Есқайырқызы.

 2021 жылдан қазақстандықтар Әз-Наурызды 14 наурыздан бастап, тойлайды. 2025 жылы Орал қаласында 20-дан астам аймақта Көрісу күніне орай, іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаһарда киіз үйлер тігіліп, сауда орталықтары мен мәдениет ошақтарында салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар өтті. Өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Наурызнама 23 наурызда тазалық, сенбіліктермен аяқталмақ.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp