• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

2027 жыл- Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды

Президент келер жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" деп жариялады.
2027 жыл- Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жолдауында келер жылға арналған жоспарды бекітті. Президент 2027 жылды жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялады.

— Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін бердік. Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс, – деп хабарлады президент.

Келер жылы ел аумағында ауқымды құрылыс жүзеге аспақ. Әрбір облыс орталығы, аудан мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салып, жөндеуге кіріспек. 2027 жылы жауаптылар жол, әуежай, вокзал, медициналық ұйымдарды салуға білек сыбана кіріспек. Президент "ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет", деп тапсырды.

– Барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді, – деп хабарлады мемлекет басшысы.

Президент жаңа жолдауында инфрақұрылымды дамыту үшін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге жұмсалатынын хабарлады. Ол «Ауқымды құрылыс» бағдарламасын іске қосуды ұсынды.