Оралда маусымның үшінші жұлдызында жауын-шашын күтілмек. «Қазгидромет» мекемесінің таратқан ақпарына сүйенсек, түнде ауа температурасы +9+11 градус болса, күндіз +20+22 градус болмақ. Сәрсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтілуде. Жел солтүстік-батыстан соғып, оның жылдамдығы секундына 9-14 метр болады деп күтілуде.
Үшінші маусымда Ақтөбеде жаңбыр жауады. Облыс орталығында ала бұлтты болып, күндіз тұман түсуі мүмкін. Түнде ауа райы: +10+12 градус, күндіз +14+16 жылы болады деп күтілуде.
Атырауда да маусымның үшінде жауын-шашын күтілуде. Күн күркіреуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +12+14 градус болса, күндіз +21+23 болады.
Үшінші маусымда ақтаулықтар да қолшатырмен жүреді. Маңғыстау облысының орталығында да жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. «Қазгидромет» мекемесінің таратқан ақпарына сүйенсек, түнде ауа температурасы +13+15 градус, күндіз +21+23 жылы болмақ.