• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақсайда ақсақалдар мен ақжаулықты аналар сайлауда дауыс берді

«Шежіре» клубының ата-әжелері өз таңдауын жасады.
Ақсайда ақсақалдар мен ақжаулықты аналар сайлауда дауыс берді
Бөрлі ауданы әкімдігінің фотосы

Бөрлі ауданының орталығына қарасты Қызылтал ауылында ақсақалдар мен ақжаулықты аналар ел болашағы үшін дауыс берді. «Шежіре» клубының мүшелері №91 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Олар маңызды таңдауға ұлттық киім киіп, жастарға үлгі болды. Таңмен таласа келген жандар сайлаудың саяси маңызы да тоқталды.

— Ұлттық киімдегі ауылдың ардақты қарияларының жарасымды келбеті сайлау күніне ерекше сән беріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптей түсті.Ақсақалдар мен әжелердің бұл өнегелі қадамы – кейінгі буынға үлгі боларлық көрініс. Ел өміріндегі маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасау – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің көрінісі, – деп хабарлады Бөрлі ауданының әкімдігі.

Главный баннер

«Шежіре» клубы Бөрлі ауданында 2018 жылы құрылған. Клуб ұрпақ сабақтастығын насихаттау үшін жұмыстанып келеді. Сегіз жылда қариялардың атқарған еңбегі көп. Олар елдің мүддесі үшін аянып қалмай, қоғамның ынтымағы үшін еңбектенуде.

23 тамыз Құрылтай депутаттарының сайлауында Бөрлі ауданында 33 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны бастау алды. Бұл реформа дайын тізімдерден бас тартып, мемлекеттік шешімдерді қабылдауға халықты тікелей қатыстыруды көздейді.

Жаңа модельдің бірнеше ерекшеліктері бар. Енді кандидаттарды тек партиялар емес, қоғамдық ұйымдар мен өңірлік белсенділер де ұсына алады, дауыс беру барысы мен кандидаттардың бағдарламалары арнайы электронды платформада жарияланады. Содан басқа, ауылдық аймақтар мен моноқалалардың мүддесін қорғау үшін арнайы квоталар қаралған.

Бұндай ерекшеліктер арқасында қарапайым азаматтар Ауыл мен қаладағы жол, су, мектеп немесе экология түйткілдерін жақсы білетін жергілікті белсенділер жоғары деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Ал сайланған депутаттар өз сайлаушылары алдында жүйелі түрде есеп беріп отыруға міндеттеледі. Өңір тұрғындары өз өкілдері арқылы заңнамалық сипаттағы ұсыныстарды тікелей күн тәртібіне шығара алады.

Бұл сайлау — билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.

 

 

 

Главный баннер --> after article