• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақсайда аудандық аурухананың жапсарас ғимараты салынуда

Жаңа ғимарат Бөрлі ауданының орталығында бой түземек.
Ақсайда аудандық аурухананың жапсарас ғимараты салынуда
Фото видеодан стоп кадр

Ақсайда аудандық ауруханада жапсарлас ғимарат салынуда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Игі бастама "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Жоба сәтті жүзеге асса, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау мен Бөрлі ауданының 100 мыңнан астам тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсетпек. 

Аудандық аурухананың жапсарлас ғимаратын "Альтайр" мекемесі салып жатыр. Күні бүгінге дейін құрылыс жұмыстары 65 пайызға аяқталған. Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Парасат Жұмағалиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында: "Қазіргі таңда ғимаратта ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп, инженерлік желілерді тарту ісі қолға алынғанын", хабарлап еді. 

Главный баннер

- Жаңғырту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауруханалар заманауи, жоғары технологиялық медициналық жабдықтарман қамтамасыз етіледі. Оның ішінде магниттік-резонастық томограф-МРТ, ангиографиялық аппарат, компьютерлік томография секілді күрделі диагностикалық және емдеу жабдықтары қарастырылған, - деді Парасат Жұмағалиев.  

Игі бастама екі ауданда жүзеге асып жатыр. Казталов пен Бөрлі ауданында аурухананың жанынан жапсаралас ғимарат салу үшін 11,4 миллиад теңге бөлінген. 

Ақсайда аурухананың жапсарлас ғимаратының қарқынын облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй тексерді. Ол нысанды аралап,құрылыс жұмыстарының барысын қарады.  

Әкім орынбасары жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ол замануи дизайн шешімдерін қолданып, жобалық-сметалық талаптарға сай тапсыруды еске салды.

Главный баннер --> after article