• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтауда Қытайдан тауар алып беремін деп азаматтарды алдаған блогерлер ұсталды

Ол тауардың ақшасын өзінің есепшотына аудартып, кейін міндеттемелерін орындамапты.
Ақтауда Қытайдан тауар алып беремін деп азаматтарды алдаған блогерлер ұсталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтауда азаматтардың ақшасын қалтасына басып, кейін міндеттемесін орындамаған блогер қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қамауға алынған блогер Қытайдан қымбат техника мен ыдыс-алаяқты арзан бағаға сату мен тауарды жеткізу туралы жарнама орналастырған.  

Тауарларды жарнамалау үшін 360 мыңнан астам оқырманы бар танымал Instagram аккаунтының иесі тартылған. Тергеу нұсқасы бойынша, жарияланымдар арқылы әлеуетті сатып алушыларға тауардың бар екені, оның сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген, – деп хабарлады Polisia.kz.

Жарнама жарияланғаннан кейін азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауарлар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған. Алайда тауарларды жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер орындалмаған. Тергеу деректеріне сәйкес, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Тергеу барысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника үшін ақша аударған жәбірленушілер анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.