• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтауда шаш жұлысып, төбелес шығарған ару жауапқа тартылды

Заң бұзған ару 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Ақтауда шаш жұлысып, төбелес шығарған ару жауапқа тартылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтауда шаш жұлысып, төбелес шығарған ару сотталды. Сотталушы масаң күйде болып, жәбір көрген бұрымдыға залал келтіріпті. Заң бұзған ару жанжал барысында ашуына ие болмай, бірнеше мәрте ұрғаны белгілі болды.

Бұл іс Ақтау қалалық сотында қаралды. Сотта түс көрсеткен тұрғын кінәсін мойындапты. Оның қылмысы да дәлелденген.

Главный баннер

Жәбір көрген сұлу күдіктіні заң талаптарына сай жазалауды сұрапты.
Соттың үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Главный баннер --> after article