Ақтауда сталкер сотталды. Ол әйел адамның мазасын алған. Ер адам 2026 жылдың тамыз бен қазан айының аралығында аңдып, үйіне келіп, есігін қағып, пәтер есігінің үстінде тұрған бейнекамераның флеш-жинақтаушысын шешіп алып кетіп, интернет желісін ажыратып, сондай-ақ оны WhatsApp қосымшасы арқылы қоңырау шалып, СМС хабарламалар жазу арқылы мазасын алған арқылы қоңыраулар мен хабарлама жазған.
Жәбір көрген әйел адам полицияға арыз беріпті. Іс Ақтау қаласының сотында қаралды.
Прокурор заң бұзған тұрғынды 25 тәулікке қамауды сұрапты. Айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұраған.
Бірақ жәбір көрген әйел адам кешірмейтінін айтып, ауыр жазаға тартуды сұрапты.
Сот Қылмыстық кодекстің 115/1 бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза кесті.