Ақтөбеде мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірген ірі есірткі арнасының жолы кесілді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Тәртіп сақшылары сатылуға дайын тұрған он килограмм «альфа-PVP» психотроптық заты тәркіледі.
Қылмыстық топтың мүшелері қаланың шетінен жеке үйді жалға алып, оны өнімді бөлшектеп орайтын жасырын цехқа айналдырған. Олар анонимді оператордың нұсқауымен «қоймашы» рөлін атқарып, интернет-дүкенді үздіксіз затпен қамтамасыз етіп отырған.
Тінту кезінде жедел уәкілдер баспанадан ішінде синтетикасы бар бес ірі буманы тапты. Күдіктілер ұсталған бойда кінәсін мойындап, орман ішіндегі жасырын орынды көрсеткен. Ол жерден тағы он бума психотроптық зат шықты.
Қазіргі таңда қолға түскен күдіктер қамауда отыр. Олардың үстінен қылмыстық із қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Заң бойынша қолға түскен күдіктердің бар мал-мүлкі тәркіленіп, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.