Ақтөбеде жоқ пәтерді жалға беремін деп азаматтарды алдап, қаржысын қалтаға басқан тұрғын сотталды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Алаяқтың құрығына 29 адам түсіпті. Жалпы келген шығын 1 миллион 136 мың теңгені құрапты.
Сот процесінде азаматтарды алдап соққан тұрғын кінәсін мойындапты.
Судья миллионнан астам қаражатты қалтаға басып, қылмыстық жолмен байыған тұрғынды Қылмыстық кодекстің 190 бабы, үшінші бөлігінің төртінші тармағымен кінәлі деп тауып, оны үш жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Бірақ Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Рақымшылық жасау туралы» заңы қолданылып, алаяқтың жаза мерзімі қысқарды. Ол екі жыл, үш ай жазасын абақтыда өтейді.