Ақтөбеде есірткі дайындаумен айналысты деген күдікпен тұрғындар қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Полиция қызметкерлері химялық өңдеу арқылы есірткі заттарын дайындады деген күдікпен бір топ адам қолға түсті. Олардың көршілері тұрғындар жүйелі түрде жиналып, онда есірткі заттарын дайындау фактілері болғанын айтып беріпті.
— Тексеру барысында бес шприц, сұйықтығы бар екі пластик ыдыс, кастрөл ішіндегі 500 грамм дайындалған көкнәр қоспасы және пакеттегі 500 грамм пайдаланылған көкнәр тәркіленді. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Қазіргі таңда қолға түскен күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 302 бабының бірінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.