• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеген кәсіпкер сотталды

Сотталған кәсіпкер мұнай қалдықтарын пешке жағып, қыруар пайда тапқан.
Ақтөбеде мұнай қалдықтарын заңсыз өңдеген кәсіпкер сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, өндірістік базада мұнай қалдықтарын жағып, пайда тапқан кәсіпкер сотталды.Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Сот үкімімен кәсіпкер үш жыл, тоғыз айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол  заңсыз мұнай қалдықтарынан отын жасайтын, өндіріс ошағын жасақтапты. Бірақ кәсіпкер ешбір мекемеден рұқсат алмаған. 

- Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген. Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген, - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Главный баннер

Кәсіпкердің қолданған пеші Ұлттық сапа стандарттарына сәйкес келмейді екен. Сотталған кәсіпкер осы іс-әрекетінің нәтижесінде 11 миллион литр пеш отынын сатып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс тапқаны белгілі болды. Сот үкімімен сотталған кәсіп иесінің автокөлігі мен банк шоттарындағы ақшасы тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Главный баннер --> after article