Ақтөбеде Станционный көшесінде орналасқан үш қабатты баспанада өрт шықты. Өрт сөндірушілер қызыл жалын тұтанған үйден баспалдақ арқылы алты адамды эвакуациялады. Қауіпсіз жерге шығарылғандардың ішінде екі бала болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі 112 телеграм каналы хабарлады.
- Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, кіреберісте қоқыс пен терезе жақтауының жанғаны анықталды. ТЖМ қызметкерлері өртті шағын аумақта сөндірді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілер тілсіз жау таралған үйден 50 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге шығарыпты. Қызыл жалыннан жан баласы зардап шекпеді.