Ақтөбеде 170 мың теңге пара алған көлік инспекторы сотталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады. Пара алған қызметкерлер автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бірнеше мәрте пара алған екен.
Сот бұрынғы инспекторды кінәлі деп тапты. Ол 5,5 миллион теңге айыппұл төлейді. Және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енді.