• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде заңсыз сауда-саттық жасағандар айыппұл арқалады

Тәртіп сақшылары 1 мамырдан бастап шаһар аумағында рейд өткізіп келеді.
Ақтөбеде заңсыз сауда-саттық жасағандар айыппұл арқалады
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбеде белгіленбеген орында заңсыз сауда жасағандар айыппұл арқалады. Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, бірінші мамырдан бастап әкімшілік хаттама 47 адамға толтырылған. Рейд барысында қала көшелерінде қарбыз-қауын, кәуап сатқан деректер тіркелген.

— Полиция мұндай заңсыз сауда қоғамдық орындардың санитариялық жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Себебі рұқсат етілмеген орындарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, сондай-ақ олардың сақталу талаптары мен шығу тегі тиісті бақылаудан өтпейді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгіленбеген жерде сауда-саттық жасаудың жолын кесу үшін келешекте де рейдтер жалғаспақ.

 

Главный баннер --> after article