• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Алина Ажғалиева шорт-тректен ел чемпионы атанды

Астана қаласында шорт-тректен ел чемпионаты өтті.
Алина Ажғалиева шорт-тректен ел чемпионы атанды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық спортшылар шорт-тректен ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыстың қорытындысы бойынша мың метрлік қашықтықта Алина Ажғалиева алтын медаль, ал Гүлден Жалмұқан қола медаль иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шорт-тректен ел чемпионаты 15-18 қыркүйек күндері Астана қаласында өтті. Қазақстан чемпионатында 18 батысқазақстандық спортшы бақ сынады. Ел чемпионатына еліміздің түпкір-түпкірінен 110-ға жуық спортшы қатысты. Олардың 70-сі ер адам екен. Осы жарыста топ жарған спортшылар 2026-2027 жылға арналған маусымда әлем кубогі мен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаймақ.

Главный баннер
Главный баннер --> after article