Ақтөбе облысында айналма жолды су басты
Ақтөбе облысында 18 наурызда республикалық тас жолдың 92 шақырымында жолды су басты.

Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымында жолдың биіктігінен су асып кетті. Оқиға Жем көпірі маңындағы айналма жол тіркеліпті. Қазіргі таңда Қандыағаш қаласынан Ембі шаһарына дейін жол барлық көлік түрлері үшін жабылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық екен.
«Қазавтожол» ҰК»АҚ» телеграмм арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, оқиға орнында жеті арнайы техника мен 15 маман жұмыс істеген. Мамандар тәулік бойы тас жолды бақыламақ.