Ақтөбе облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 387 бала дүниеге келді
Ақтөбе облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап, күні бүгінге дейін 362 әйел сәби сүйді.

Ақтөбе облысында 2021 жылдан бастап өткен жылға дейін ұзақ уақыт бойы перзент сүйе алмай жүрген 1264 отбасы квотаға ие болды. Облыстық әкімдіктің таратқан ақпарына сүйенсек, бағдарламаның нәтижесі жоғары болып, квота алғандардың 41 пайызында жүктілік сәтті басталған. Күні бүгінге дейін Ақтөбе облысында 362 әйел ана атаныпты. Бағдарламаның арқасында 387 сәби дүниеге келді. Оның 24 егіз, біреуі үшем екен. Сала мамандары: «Бұл статистика емес, әрбір көрсеткіш жылдар бойы сәби сүюді аңсап, армандаған жанұялардың бақыты», -деседі.
Бүгінгі таңда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 69 әйел жүкті. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірде 170 квота бөлініп, оның 70-ін кезекте тұрған жанұялар иеленіпті.
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2021 жылы енгізілді. Бағдарламаның арқасында 9000 астам сәби дүниеге келді.