Өңірге жұмыс сапарымен келген көлік министрі Нұрлаун Сауранбаев «Сырым» шекара бекетінің жөндеу жұмысымен танысты. Бекет өткен жылдың тамызында жабылды. Облыстық әкімдіктің хабарлауы бойынша құрылыс жұмыстарында 116 адам, 20 техника жұмыс істеп жатыр.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясының Батыс Қазақстан облысының филиал директоры Асылбек Марданов қазіргі таңда жоба 41 пайызға орындалғанын айтты. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бекет арқылы Ресейге өтетін адам саны тәулігіне алты мыңнан он мыңға дейін өспек. Алты жолақтың орнына 14 жолақ болып, қажетті әкімшілік ғимараттар салынып жатыр. Тіпті замануи рентген тексеру жабдықтары да орнатылмақ. «Сырым» өткізу бекетінің жаңғырту жұмыстары үшін қазынадан 20 миллиард теңге жұмсалады.
Ақжайық өлкесіне табан тіреген министр Сауранбаев мердігер мен жобаның тапсырыс беруші мамандарына бірқатар тапсырамасын жүктеген.
— Бұл бекеттің екі ел үшін ғана емес, Орталық Азиямен арадағы жүк тасымалында да маңызды өте зор. Жобаны сапалы әрі мерзімінде аяқтау қажет. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделтету бойынша нақты іс-шаралар жоспарын жасақтаңыздар, -деп шегеледі көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Ал аймақ басшысы құрылыс қарқынын күшейтіп, екі аусымда жұмыс кестесін ұйымдастыруды тапсырды.
- Пункт пропуска «Сырым» в ЗКО закроют на ремонт 4 августа
- Очереди на границе обещают убрать, но придется потерпеть: как проходит ремонт на посту «Сырым» в ЗКО
- Очередь выросла до 35 км: на пограничном пункте «Сырым - Маштаково» дальнобойщики застряли без еды и условий