19 октября 2017

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Ықсанов көшесінде ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш жәрмеңкенің жұмысымен арнайы облыс әкімі Алтай Сейдірұлы танысып, халық тұтынатын тауардың сапасы мен бағасын бақылап қайтты. Үтіміздегі жылы облыс аумағында 185 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Соның ішінде, облыс орталығында 25 мәрте халық тұтынатын ауыл шаруашылық тауарлары қойылған үлкен жәрмеңке оздырылды. Аталмыш шарада өңірімізде тауар өндіретін компаниялардың өнімдері қойылған еді. Олардың бағалары нарық бағасынан 15-20 пайызға арзандатылып саудаланды»,-дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев. Ықсанов көшесінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңкеге келген бұқара халықтың қарасы қалың. Халықтың сұранысына ие болған картоп өнімдері 70-90 теңгеден саудаланса, ал пияздың бір келісі 70 теңге болды. -«Ағымдағы жылы картоп өнімдерінің өсімі жақсы. Бізден картоп өнімдерін алып тұтынып жүрген азаматтар өніміміздің жақсы екенін біледі. Барлық технологияларды қолдана отырып, осындай нәтижеге қол жеткіздік»,-дейді сатушылардың бірі. Жәрмеңкеге арнайы ат басын бұрған облыс әкімі облыс тұрғындармен пікір алмасқан болатын. Сала мамандары өңіріміздің аумағында ұйымдастырылып келе жатқан ауыл шаруашылық жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табады деп,- мәлімдейді. Айта кетейік, жәрмеңке жергілікті өнімді қолдап, олардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде кәсіпкерлерге орын-жай тегін беріледі. Алдағы уақытта қатысам деушілер табылса, қалалық кәсіпкерлік бөліміне хабарласуына болады. Жәрмеңкеде ет, сүт, май, бау-бақша дақылдар мен жеміс жидектер және көкөністер саттыққа қойылды. Аталмыш шараға облыстың аудандары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын шағын ауылдары, саяжай тұрғындары белсенді қатысты. Осыдан бұрын қала шетіндегі «Ел Ырысы» базарында өткен жәрмеңкеге ауданның Макаров, Мичурин, Достық, Көшім, Янайкин, Дариян, Белес, Трекин ауылдық округтерінде кәсіптерін дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтарының қырыққабаты мен сәбізі, балы мен еті, макарон өнімдері мен жұмыртқаларына деген тұтынушылар қызығушылығы жақсы болды. Жалпы алғанда тоннадан астам ет пен 3 тонна көкөніс пен 100 келі бал алып келген шаруалардың саудасы жақсы жүрді. Таң сәріден басталған жәрмеңкеге келген шаруалардың біразы түс ауа алып келген өнімдерінің біразын өткізіп үлгерді. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp