• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Балалар мен жасөспірімдер пойызбен емін-еркін жүруі үшін нені білуі керек?

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ата-аналар мен ересектерге балалар үшін пойызда жол жүрудің ережесін еске салады.
Балалар мен жасөспірімдер пойызбен емін-еркін жүруі үшін нені білуі керек?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Пойызда балалар мен жасөспірімдер жол жүру ережесін сақтауы керек. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ата-аналарға сақтық шараларын еске салады. Жол жүру кезінде ата-аналар балалардың сапар алдында құжаттарының, баланың жеке басы мен жасын растайтын құжаттар болуы керек.

Қандай құжат керек?

Главный баннер
  • 7 жасқа дейінгі балалар жеке орын бермей-ақ тегін жүре алады. Жеке орын беру қажет болған жағдайда балалардың жол жүру құжаты ресімделеді.
  • 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін балалар билеті ресімделеді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге жүруі кезінде алып жүру құқығына тиісті құжаттың болуы қажет.
  • 15 жастан асқан жасөспірімдер қажетті құжаттар және белгіленген тәртіппен ресімделген заңды өкілдің жазбаша келісімі болған кезде өз бетінше сапар жасай алады.

Ал пойыз бен вокзалда балаларды көзден таса қылмаңыз. Темір жолдардан арнайы өткел немесе көпір арқылы өткен жөн. Платформа жиегінде қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз. 

Главный баннер --> after article