• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Фитнес қызметінің кәсіби стандарты жасақталмақ

Туризм және спорт министрлігі фитнес қызметін бір ізге салмақ.
Фитнес қызметінің кәсіби стандарты жасақталмақ
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Туризм және спорт министрлігі елімізде фитнес қызметінің кәсіби стандартын жасақтамақ. Жаңа құжат - саладағы қызметті жүйелеу, фитнес қызметтерінің сапасын арттыру және дене шынықтыру мен халықты сауықтыру саласында еңбек ететін мамандарды кәсіби даярлауға бірыңғай тәсіл қалыптастыруға арналған.

Стандарт фитнес клубтарда жұмыс істейтін фитнес-нұсқаушы, фитнес-жаттықтырушы, топтық бағдарламалар жаттықтырушысы, шебер-жаттықтырушы, фитнес бағытының әдіскері және фитнес-орталық директоры сияқты мамандарға қойылатын талап айқындалған.

Главный баннер

Жаңа стандарттың негізгі міндеттерінің бірі – фитнес-клуб келушілеріне көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру. Дене белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайту мақсатында спортпен айналысатын азаматтар тиісті біліктілігі бар мамандардан кәсіби қолдау алуы қажет.Құжат фитнес индустриясының қазіргі қажеттіліктері мен сала өкілдерінің практикалық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді. Оны әзірлеуге Қазақ ұлттық спорт университетінің, Invictus Academy және Champion Fitness School өкілдері қатысты, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article