22 августа 2017

Батыс Қазақстан облысының Өрт-техникалық орталығына 35 жыл мерекесін атап өтті

Жуырда БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт-техникалық орталығының 35 жылдығына орай салтанатты шара болып өтті. Салтанатты шараға өртке қарсы қызметтің ардагерлері, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Отыз бес жыл бойына Өрт-техникалық орталығының экскурсия жүргізушілері өрт сөндіру ісі жөнінде тұрғындарға мәліметтер береді. 1982 жылдың тамыз айында ІІБ Өрт қорғау бөлімінің бастығы полковник Г.Ф. Арефиннің идеясымен және қатысуымен республикадағы алғашқы өрт-техникалық көрмелердің бірі, қазіргі өрт-техникалық орталығы құрылды. Көрменің ашылуына қаладағы мәдени ортада танымал жазушы П.М. Крестьянинов септігін тигізіп, оған басшылық етті. Өрт-техникалық орталығы өз жұмысы бойынша алдына бірнеше мақсаттар қойып отыр, соның ішіндегі ең маңыздығы тұрғындар арасында өрттен сақтану туралы білімді насихаттау және осыған орай өрттің санын азайту болып табылады. Тұрғындар қолданыстағы макеттерде тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар мен мекемелердегі өрттердің негізгі себептерін үйреніп, өрт қауіпсіздігінің қағидаларымен, өрт автоматикасының түрлерімен және алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеу және қолдану тәртібімен танысады. - Жылдар бойына мыңдаған адамдар орталыққа келіп өртке қарсы білім алды. Бұл облыстың және қаланың барлық делік оқушылары, жұмысшылары мен қызметкерлері. Сонымен қатар, өрт-техникалық орталығына таяу және алыс шетелдер, яғни Ресей, Белоруссия және АҚШ, Индия, Эфиопия, Германия, Бельгия азаматтары келді. Орталық өрттің алдын алу ісіне зор үлесін қосады, - деп Батыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызметін 1995-2004 жылдар бойына басқарған отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Маштаков Николай Андреевич атап өтті. Мұражайдағы 500-ден астам фотоматериалдар және экспонаттар, техникалық құралдар мен қолданылған макеттер, жаужүрек оттан қорғаушылар туралы маңызды мағлұмат ала алады. Көрменің қабырғалары Батыс Қазақстан облысы Өрт сөндіру қызметінің мақтан тұтатын ардагерлері мен қызметкерлерінің фотосуреттерімен безендірілген. - 2005 жылы  Өрт-техникалық орталығы облыстық және қалалық 14 мұражай арасында «Үздік мұражай» байқауына қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Сондай-ақ, Орталық облыстық өлкетану мұражайында өртке қарсы қызметтің жұмысы жөнінде апталық көрме ұйымдастырылып, экспонаттарымыз қойылды,- деп өз сөзінде орталықтың экскурсия жүргізушісі Брматова Галина Нигметжановна айтып өтті. Сонымен қатар, Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі В.Кравцовтың құттықтау сөзі оқылды. - Сізге тарихымызды түпнұсқасымен сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқаныңызға алғыс білдіреміз. Сізге маңызды жобалардың, қызықты іс-шаралардың, жаңа экспонаттардың, ерекше экспозиялардың және қызыққан келушілердің болуын тілейміз, - деп құттықтау адресатында атап өтілген. Шақырылған қонақтар өркендеу және даму жөніндегі көптеген жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар ардагерлер мен қонақтар орталықтағы жаңа экспонаттармен танысты. Жаужүрек өрт сөндірушілердің XVIII –ХІХғасырлар аралығындағы патшалық басқару кезінен бастап, қазіргі күнгі жауынгерлік күндеріне дейінгі құралдары сақталып, Орал қаласындағы өртке қарсы насихат орталығы болған өрт-техникалық орталығы ұзақ және қызықты қызметі әлі алда екендігіне нық сенім білдіруге болады. Арман КУРМАНГАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp