Социум
Батысқазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4 жасқа ұлғайған
Өңірде кардиохуриргиялық қызметтің жолға қойылғаны жүрегі сырқат жандардың дертіне дауа болды. Бұл сала батысқазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Бүгінде көрсеткіш - 73 жасты құрайды. Ал бұл дегеніңіз, медицинаның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табысының бір айғағы. Бұрын Ләйләнің жұдырықтай жүрегі әлсін-әлсін сыр беретін. Бірақ ол бұлқыныстарға мән бермепті. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан инфаркт соғып, ауруханаға түсіп, 5 күн бұрын жүрегіне ота жасалған. - Осында кардиологиялық орталыққа «Жедел жәрдеммен» экстренно келіп түстім. Дәрігерлер бәрі жақсы. Ота жасалды. Бәрі сәтт