«Ұлттық банк» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аймақта 980,4 миллиард теңгеге несие берілген. Қарыздың 78 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. Жалпы батысқазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 766,1 миллиард теңге қарыз.
Ұлттық банктың өңірдегі филиалы таратқан ақпаратқа сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар мен тамызында 634,6 миллиард теңге көлемінде кредит берілген. Қарыз алушылардың 58 пайыздан астамы жеке тұлғалар екен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда берілген несиелердің жалпы көлемі 1,6 пайызға көбейген.
Банктен берешек алғандардың 40 пайыздан астамы тұтынушылық несиеге көңілі ауыпты. Қарыз соммасы 259,3 миллиард теңгені құрайды. Кәсіп ашқан бизнесмендерде айналым қаражатын толықтырамыз деп қаржы ұйымдарынан 209,4 миллиард теңгеге несие алыпты. Биыл екінші деңгейлі банктен қарыз алғандардың 8,5 пайызы баспананы сатып алуға рәсімделген екен. Мұндай қарыз 54,2 миллиард теңгені құрайды.
– 2026 жылдың қаңтары-тамызында кредит беру объектілері бойынша берілген кредиттердің көлемі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі өзгерістерді көрсетті: халыққа тұтыну мақсаттарында берілген кредиттердің көлемі 3,6%-ға, азаматтарға тұрғын үй салуға немесе сатып алуға берілген кредиттердің көлемі 5,3%-ға өскен болса, кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер 6,4%-ға, ал негізгі қорларды сатып алуға берілген кредиттер 10,5%-ға көбейген, – деп хабарлады Реттеуші банктың өңірдегі филиалы.
Несие алып, уақытылы төлей алмай жүргендердің де қарасы артыпты. Сала мамандары Батыс Қазақстан облысында мерзімі өткен берешектердің саны артып келеді деп хабарлады. Биылғы жылдың бірінші қаңтармен салыстырғанда уақытылы қарызын өтей алмай жүргендердің саны 33 пайызға өскен, соның ішінде жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешектері 27,1%-ға көбейген.
Ал 2026 жылдың бірінші қыркүйегінде бұл көрсеткіш 45,5 миллиард теңгені құрапты. Бұл барлық несиенің 4,6 пайызына пара-пар.
Елімізде соңғы жылдары қарыздың қамытына батқан жандарға қолдау көрсетіліп, заңнамалық тұрғыда банктерге түрлі шектеу енгізіліп келеді. Қазір екінші деңгейлі банктер енді несие берердің алдында қарыз жүктемесін мұқият тексереді. 90 күннен артық төленбеген несиесі барларға мүлдем жаңа бережақ берілмейді.
– Алаяқтық жолмен қарыз ресімдеудің алдын алу мақсатында шешім қабылдау кезеңі енгізілді, алғашқы қарызды алу кезінде жеке қатысу талабы, 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан клиенттердің келісімін растауға қойылатын қосымша талаптар енгізілді, сондай-ақ онлайн-қарыздарды ресімдеу кезінде Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы биометриялық сәйкестендіру көзделді. Кредиттік бюролар Ұлттық Банктің Антифрод-орталығына қосылып, бірнеше өтінім беру туралы деректерді нақты уақыт режимінде беру қамтамасыз етілді, банктердің мобильді қосымшаларында сессиялық антифрод жүйесі енгізілді, – деп хабарлады «Ұлттық банктың» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.