Культура
Бөрлі ауданында алғаш рет спорт мұражайы ашылды
Спорт саласына арналған мұражай облысымыздың аудандарының ішінде бірінші болып Бөрлі ауданында ашылып отыр, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Кеше, яғни, 15 қыркүйек күні, "Берекелі Бөрлі" аудан күніне орай ауданның спорт саласына арналған мұражай бөлмесінің ашылу салтанаты өтті. Мұражай «Қарашығанақ» спорт кешеніндегі бөлмеде орналасқан. Ашылу салтанатына аудан әкімі Миржан Сатқанов, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Екатерина Ларионова, аудандық спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің ең алғашқы жаттықтырушысы Талғат Жармухаметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқарм