Социум
Бөрлі ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
Соның бірі – Жарсуат ауылдық округіндегі фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жаңа кейіпке енген нысан бас-аяғы екі айдың ішінде толығымен жөнделді. Тапсырыс беруші – Бөрлі аудандық аурухана. Салтанатты шараға аудан әкімі Миржан Сатқанов, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова және ауыл тұрғындары қатысты. Бүгінде Жарсуат ауылдық округінде 1700 тұрғын мекен етеді. 1966 жылы салынған емдеу мекемесінің тозығы жетіп, «басы ауырып, балтыры с