Ақтауда электрмонтер жұмыс барысында жарақат алып, денсаулығына зиян келтірген. Ол құқығын сотта қорғады. Іс Ақтау қаласының №2 сотында қаралыпты.
Оқиға 2021 жылдың 17 маусымында болған. Жұмысшы биіктен құлап, ауыр жарақат алыпты. Облыстық еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп, жазатайым оқиғаға жұмыс беруші кінәлі деп тауып, оның кінәсі 100 пайыз көрсеткен.
Сот отырысында зәбір көрген тұрғын жұмыс берушіден он миллион теңге моральді өтем мен саулығына байланысты қызметінде қағылған 1,9 миллион теңгеден астам жалақасын өтеуді сұрапты.
Сот іс материалдарын тексеріп, зерделеп, электрмонтердің талабын ішінара қанағаттандырады. Жұмысшының пайдасына жеті миллион теңгені өтеу туралы шешім қабылдайды. Ал жалақы төлеу туралы жұмысшының талабы орындалмады. Сот жауапкерден мемлекет кірісіне мемлекеттік баж 2162 теңгені өндіру туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.